Түркістан қ. «Отырар-Жылу» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

2022 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Отырар-Жылу» МКК-ның жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Сондай-ақ, жария тыңдау Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасы арқылы онлайн режимде трансляцияланды.

Жария тыңдауға Департамент өкілдері, «Отырар-Жылу» МКК-ның өкілдері және тұтынушылар жалпы саны 14 адам қатысты, сондай-ақ онлайн режимде 4 адам қосылды.

Департаменттің шешімі жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.