«Отырар Жылу» МКК-ның мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында мекеме қызметкерлері, қоғамдық белсенді өкілдер қатыстырыла отырып, 4.08.2025 жылы ішкі талдау жиналысы өткізілді.
Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңес мүшесі С.Өмірзақ, кәсіпорын басшысы Қ.Әуел, ұжым мүшелері қатысты.
Ішкі талдау жұмыстарына мекеме жауапты қызметкерлері толық қатысты. Жиналыс барысында кәсіпорындағы еңбек тәртібі, есептілікпен құқықтық талаптардың орындалуы, халыққа қызмет көрсету сапасы мен тәртібі бойынша ішкі талдау жүргізіліп, тиісті азаматтар тарапынан ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды. Осындай іс-шаралар мекемеде ашықтық пен жариялылықты, әділдікті арттырып, халық сенімі мен жақсы көзқарасын нығайтуға маңызды қадам болып табылады. Іс—шаралар кәсіпорында тұрақты жүргізіліп тұрады.
