Жалпы мәлімет

«Отырар жылу»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  01.05.2025 жылғы жағдай бойынша өндірістік қуаттылығы жөніндегі мәлімет

  • «Отырар-Жылу» мемлекеттік кәсіпорыны Отырар ауданы әкімінің 26.08.2011 жылғы №303 қаулысымен  «Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы кәсіпорны» болып  құрылған. Кәсіпорын аудан орталығындағы және Мыңшұқыр ауылындағы  көппәтерлі тұрғын үйлер, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға жылу беру, кәріз  қызметін көрсетеді, бүгінгі таңға штат саны 28  персонал. 
  • Қолданыстағы тариф бойынша Шәуілдір ауылында заңды тұлғаларға жылу қызметінің ақысы 1Гкал үшін – 3533,94 тенге, тұрғын үйге 1ш.м.  үшін – 85,5 тенге.
  • Мыңшұқыр ауылында заңды тұлғаларға жылу қызметінің ақысы 1-желтоқсан айынан күшіне енген тариф бойынша тұрғын үйдің 1ш.м.  үшін – 101,09 тенге
  • Жылу қызметі бойынша Шәуілдір, Мыңшұқыр ауылдары бойынша  тұтынушы пәтер саны  -455,  бюджет мекемелер-26, кәсіпкерлік  мақсаттағы мекемелер-87 нысан. 
  • Кәріз қызметінің ақысы қолданыстағы тариф бойынша жеке тұлғаға —64,21 тенге, заңды тұлғаға— 180,78 тенге.
  • Кәріз қызметі бойынша Шәуілдір, Мыңшұқыр ауылдары бойынша  тұтынушы пәтер саны  -467,   бюджет мекемелер-21 , кәсіпкерлік  мақсаттағы мекемелер-77 нысан.
  • Техникалық жарақтандырылуы- Екі дана ВАЗ-2107 автомашинасы бар, біреуі жарамсыз, екіншісі –жөндеуді қажет етеді. Бір дана «Гранта» жеңіл көлігі, бір дана ассенизатор көлігі және бір дана МТЗ 82.1 трактор тіркемесімен бар.
  • Жылу құбырының жалпы ұзындығы-Шәуілдір ауылында-22383 метр, Мыңшұқырда-9069 метр. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы-35921 метр
  • Орнатылған сыйымдылығы – 10,321 Гкал/сағ