Комплаенс

Комплаенс қызметі корпоративтік сектор арасында парасатты ортаны қалыптастырудағы маңызды құрал болып табылады. Оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың ішкі және сыртқы тәуекелдеріне қарсы тұру. Комплаенстің міндеттері — коммерциялық ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңдарды, ережелер мен стандарттарды сақтауы арқылы компаниялардың, инвесторлардың, клиенттердің, қызметкерлердің мүдделерін қорғау. Жұмысқа қабылдау, корпоративтік секторда сатып алуды жүргізу барысында әділдікті, ашықтықты қамтамасыз етуді бақылау елдегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың ажырамас бөлігі.